«Реал Мадридтің» жартылай қорғаушысы Лука Модрич клубтың келісімшартты ұзарту туралы ұсынысынан бас тартты.

«Алтын доп» иегері еңбек келісімінің жақсартылғанын қалап отыр. Әйтпесе, 33 жастағы хорват мансабын «Интерде» жалғастырмақ, миландық клуб Модричке жылына он миллион еуро жалақы беруге дайын.

Модрич пен «Реал» арасындағы қазіргі келісімшарт 2020 жылы аяқталады.