Допты хоккейден жоғары лига командалары арасында бүкілресейлік жарыстың кезекті ойынында «Ақжайық» «Знамя-Удмуртия» (Воткинск) командасын екінші мәрте ірі есеппен жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Жастар» стадионындағы кездесуде «Ақжайық» 6:1-мен қонақтарды жеңіп кетті.

Осылайша Иван Шавалдиннің шәкірттері төрт рет қатарынан жеңіске қол жеткізді.

10 ойыннан кейін 12 ұпай жинаған оралдықтар екінші топта бесінші орынға көтерілді.

«Ақжайық» келесі кездесулерін 10-11 қаңтар күндері Орынборда жергілікті «Локомотивпен» өткізеді.