Өткен маусымның соңында мансабын аяқтаған Нұрбол Жұмасқалиев өзі ұзақ уақыт доп тепкен «Тобылдың» спорттық директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды prosports.kz.

Қостанайлық клубтың баспасөз қызметінің жазуынша, Жұмасқалиев бұрынғы спорттық директор Владимир Нидергаустің орнын басады. Ал ол техникалық директор лауазымына ауысады.

Бәріміз білетіндей, 37 жастағы футболшы қазақ футболының аңыздарының бірі. Премьер лига тарихындағы үздік сұрмерген.