Мәнерлеп сырғанаудан Ақтөбеде өткен Қазақстан біріншілігінің күміс жүлдегері Айза Имамбек Olympic.kz сайтына шағын сұхбат беріп, ел чемпионатында неліктен екінші орында қалғанын айтты.

Айза биылғы маусымды Эстонияда өткен турнирде бастаған болатын.

- Ақтөбедегі Қазақстан чемпонаты мәресіне жетті. Бұл сында мен тұғырдың екінші сатысына көтерілдім. Екінші орында қалғаныма кейбір элементтерді дұрыс орындамауым себеп болды. Мәселен, қысқа бағдарламаны орындау кезінде музыка өшіп қалды да, мен абдырап, бірінші секіруді орындаған жоқпын.

Кейін төрешілер мүмкіндік берді де, бағдарламаны әрі қарай жалғастырдым. Өкінішке қарай, қалған секіру элементтерім де дұрыс шықпады. Ал айналымдарды сәтті орындадым. Жалпы айтқанда, Ақтөбеде маусымдағы үздік нәтижемді тіркедім, - дейді Айза.

Еске сала кетейік, Айза Имамбек Универсиада және Олимпиада ойындарының қатысушысы.

Olimpic.kz.