Бокс жайлы ең танымал журнал The Ring 2018 жылдың қорытындысы бойынша ұсынған номинациялары жайлы жариялады.

Орта салмақтағы экс-чемпион қазақстандық Геннадий Головкин бірден екі номинацияға үміткер ретінде тіркелген. GGG-дің Альвареске қарсы өткізген екінші жекпе-жегі «Жылдың үздік жекпе-жегі» және «Жыл оқиғасы» атануы мүмкін.

Ал жыл боксшысы атағына - Сауль «Канело» Альварес, Василий Ломаченко, Наойя Инуэ, Тайсон Фьюри және Александр Усик үміткер.