Биыл Бірінші лигада үздік нәтиже көрсетіп, келесі жылы Премьер лигада бақ сынау мүмкіндігіне қол жеткізген «Тараз» футбол клубы жаңа маусымға дайындықты бастап кетті.

Тараздық команда алғашқы оқу-жаттығу жиынын Шымкенттегі «БИІК» спорт орталығында өткізді. Жаттығу жиыны 10 желтоқсанда басталып, кеше аяқталды.

Осы аралықта олар жергілікті «Академия Оңтүстік» командасымен жолдастық матч өткізіп, 3:0 есебімен жеңіске жетті.