Допты хоккейден Әлем чемпионатының жартылай финалында жерлестеріміз бір доп айырмасымен Швеция құрамасынан жеңіліп қалды.

Тартысты өрбіген матчтың бірінші таймы 4:2 есебімен Швецияның пайдасына аяқталды. Артынша, екінші таймда Сергей Почкунов есеп айырмасын қысқартты, дегенмен матч соңына дейін уақытта қазақстандықтар есепті теңестіре алмады. Қорытынды есеп 4:3.  

Осылайша, шведтер финалда Ресей құрамасымен кездеседі, ал Қазақстан болса үшіні орынға матчта Финляндиямен күш сынасады.

Швеция – Қазақстан 4:3 (4:2)

ГолдарНильссон (4, 30), Эдлунд (19), Петтерссон (45) – Насонов (18, пенальтиден), Дубовик (33), Почкунов (67)