WBO Global чемпиондық белбеуінің иегері Айдос Ербосынұлы Ресей астанасында өткен соңғы жекпе-жегі туралы пікір білдірді.

- Қарсыласым өте тәжірибелі. Ол жастар WBC тұжырымы бойынша арасында әлем чемпионы болған. Жақсылап дайындалдық осы жекпе-жекке. Енді-енді қызып, жақсы соққыларым өтіп келе жатыр еді, қарсылас жарақат алып, жекпе-жектен бас тартты, - деп келтіреді Айдос Ербосынұлының сөзін 24.kz сайты.

Екінші орта салмақтағы Айдос Ербосынұлы бельгиялық Ильияс Ачергимен шаршы алаңға шығып, жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады. 27 жастағы жерлесіміз кәсіпқой бокстағы оныншы жеңісіне қол жеткізіп, WBO Global тұжырымы бойынша чемпиондық белбеуге иелік етті.