Донецкілік «Металлург» қарағандылық «Шахтердің» бұрынғы ойышысы Роджер Каньяспен келісімшартты бұзды, деп хабарлайды украиналық клубтың дәрігері Дмитрий Лисицын isport.ua сайтына.«Дәрігерлік тексерістен кейін Каньястың бір бүйрегі ғана жұмыс істейтіні анықталды. Бұл туралы клуб басшылығына мәлімдедік. Артынша «Металлург» Рохер Каньяспен келсімшартты бұзды», - дейді «Металлургтың» дәрігері isport.ua сайтына.Естеріңізге сала кетсек, Каньяс донецкілік «Металлургпен» келісімшартқа отырған болатын, алайда толық дәрігерлік тексерістен өтпегендіктен, онымен келісім бұзылды. Енді Каньяс қарағандылық «Шахтерге» немесе алматылық «Қайратқа» келуі мүмкін.