Алматылық «Қайраттың» шабуылшысы Адеринсола Эсеола Украинаға оралғысы келетінін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Украинаға оралғым келе ме? «Динамо» немесе «Шахтерге». Басқа қайда барар едім? Мен динамолықпын, ал бұрынғы «динамолық» деген ұғым болмайды. Сондықтан, бұл риторикалық сұрақ», - деді Эсеола.

Өткен маусымда украиналық шабуылшы Қазақстан чемпионатында 17 гол соғып, сұрмергендер тізімінде екінші орын алды.