Чехияның Нове-Место қаласында биатлоннан әлем кубогі кезеңінде қазақстандық Роман Еремин 26-шы орыннан көрінді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Ерлер арасындағы спринттік додада Еремин үздік 30 спортшы қатарына еніп отыр.

Бұл жарыста норвегиялық Йоханес Бе жеңімпаз атанса, реселейік Александр Логинов екінші, швециялық Мартин Понсиолума үшінші орын иеленді.

Ереминнің көрсеткіші отандық биатлоншылардың биылғы маусымдағы ең үздік нәтижесі екенін айта кету керек.