Ресейдің Рязань қаласында футболшылар Артем Надеев мен Дмитрий Митин әйелді ұрып, тонап кетті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі 62Info порталына сілтеме жасап.
Оқиға 18 желтоқсанда орын алған. Футболшылар кәсіпкер әйелге шабуыл жасап, ұялы телефонымен қоса, 36 мың рубль көлемінде ақшасын тартып алған.
21 жастағы Дмитрий Митин «Рязань» ФК, 18 жастағы Артем Надеев жастар құрамасында өнер көрсетеді.