Чехиялық қорғаушы Ондрий Кушнир қостанайлық клубпен біржылдық келісімшартқа қол қойды.

Бұл туралы қостанайлық команданың ресми сайты мәлімдейді.

Кушнир прагалық «Спарта» мен либерецтік «Слован» командаларында өнер көрсеткен. Сондай-ақ, Чехия сапында бірнеше кездесуге қатысқан.