Биатлоннан әлем кубогының үшінші кезеңі Нове-Место қаласында өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл кезеңде Қазақстан құрамасы сапынан ең үздік нәтижені Елизавета Бельченко көрсетті. Ол мәре сызығын 68-шы болып кесті. Ал Людмила Ахатова 71-ші, Анастасия Кондратьева 84-ші болып келді.

Осылайша, қазақстандықтар жарысты жалғастыра алған жоқ.

Бұл кезеңде норвегиялық биатлоншы Марте Олсбю топ жарды.