Almaty Arena көпфункционалды спорт кешенінде халықаралық «Titan FC» ұйымы және «Alem fighters» спорт клубының ұйымдастырумен аралас жекпе-жек (ММА) бойынша «Titan FC 51» Халықаралық турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Өз жерімізде өтіп жатқан жарыста жерлесіміз Айбек Нұрсейіт бразилиялық Херберт Бернстен жеңілді.

Жекпе-жек екінші раундта аяқталды. Оңтүстік Америкадан келген спортшы қарсыласын қолын қайыру әдісімен жеңді.