UFC президенті Дэна Уайт ұйымның бұрынғы чемпионы Конор Макгрегордың басты проблемасын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Конормен жұмыс істеу қиын ба? Иә, бірақ ол соған тұрарлық. Конорға байланысты ең үлкен проблема – ол ешқашан уақытында келмейді. Конор – көңілді жігіт, тамаша спортшы. Тек уақытында келсе, кіршіксіз адам болар еді. Біз спорттың ғаламдық түріміз, сондықтан, баспасөз-мәслихатын өткізгенде бүкіл әлем тікелей эфирде тамашалайды. Ал Конор оған 30 минуттан астам уақыт бойы кешіксе, бұл үлкен проблема», - деді Дэна Уайт.