«Манчестер Юнайтед» футболшылары Алексис Санчес пен Маркос Рохо команданың бұрынғы бас бапкері Жозе Моуриньоға қатысты 20 мың фунтқа (22 мың еуро) бәстескен, деп хабарлайды Prosports.kz.

Чилилік шабуылшы Жозені қызметінен кетіреді десе, Рохо португалиялық бапкер өз орнында қалады деп бәс тіккен.

The Sun ақпараты бойынша, Моуриньо қызметінен босатылған соң Санчес командалық чатқа былай деп жазған: «Осылай болады деп айттым! Тек күте тұру ғана қажет еді. Рохо, сен маған 20 мың қарызсыз».

Айта кетейік, Жозе Моуриньо 18 желтоқсанда команданың жаман нәтижелері үшін қызметінен кеткен болатын.