Щучинскіде футзалдан Қазақстан кубогының финалдық кезеңі мәресіне жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Ақтөбе» футзал клубы өз тарихында алғаш рет Қазақстан кубогын иеленді. Финалда олар рудныйлық «Аяттан» айласын асырды – 2:1. Бұл ойында украиналық Евгений Серый дубль авторы атанған. Ал «Аят» сапынан Хебберт Де Жезус гол соқты. Осылайша, «Аят» қатарынан екінші маусымда финалда сүрініп отыр.

Естеріңізге салсақ, алматылық «Қайрат» Қазақстан кубогының қола медалін еншіледі. Команда соңғы жеті жылда алғаш рет турнирде жеңімпаз атана алмады.

«Актобе» — «Аят» 2:1 (1:0)

Голдар: Серый 12, 30 — Хебберт 37

Төрешілер: Қосмұхамбетов, Галаев (екеуі де — Қостанай)

21 желтоқсан 2018 ж. Щучинск. «Жақсы». 250 көрермен.