Астанадағы «Сарыарқа» велотрегінде шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты өтеді.

22-24 желтоқсан аралығында өтетін жарысқа Астана, Алматы қалалары мен Қостанай, Қарағанды облыстары, БҚО, ШҚО және Түркістан облысынан спортшылар қатысады.

Ерлер арасындағы бәсекеде 47, қыздар арасындағы сында 34 спортшы бақ сынайды деп күтілуде.

Жарыстың басталуы сағат 09:00-де.

Турнирдің ресми түрде ашылуы 22 желтоқсан күні сағат 15:00-ге жоспарланған.