Екі салмақта UFC чемпионы Даниэль Кормье ESPN нұсқасы бойынша ММА спортының үздік жыл спортшысы атанды, деп жазады Prosports.kz сайты.

Кормье UFC тарихында Конор МакГрегордан соң екі салмақта чемпион атанған екінші спортшы.

Биыл Даниэль Кормье үш жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Ол ESPN және UFC-дің салмақ дәрежесінен тәуелсіз рейтингілерінде көш бастап тұр.