Бүгін Астанада Дэвис кубогі жолындағы жарыстың іріктеу кезеңі басталды. Қазақстан-Бельгия құрамалары арасындағы кездесудің алғашқы ойынынды Михаил Кукушкин мен Рубен Бемельманс кездесіп, отандасымыз жеңіске жетті. 

26 жасар Кукушкин ATP рейтингі бойынша 67 орында тұрса, бельгиялық теннисші 163 сатыда. 

Кездесу басталысымен басымдықты қолға алған Михаил бірінші сетте 6:4 есебімен жеңіске жетті. Дегенмен, екінші сет Кукушкиннің ойындағыдай болған жоқ. 6:5 есебімен алда тұрған оны Бемельманс қуып жетіп, тіпті сеттегі соңғы нүктені де өзі қойды.

Үшінші және төртінші сеттің қорытындысы - 6:2, 6:3, Кукушкиннің пайдасында. Қазақстан әзірге 1:0 есебімен алға шықты. Келесі кездесуде кортқа Андрей Голубев пен Давид Гоффин шығады. Ал, ертең жұптық кездесулер жоспарланған.