«Астана» клубының екі легионері қысқы маусымдық үзілісте команда ауыстыруы мүмкін, деп жазады Prosports.kz сайты.

Әзірбайжандық «Карабах» клубының бас бапкері Гурбан Гурбанов елордалық команданың екі ойыншысы, атап айтқанда Ричард Алмейда мен Педро Энриконы қайтарғысы келеді. Қазір Алмейда Баку қаласында «Карабах» клубымен келіссөз жүргізіп жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін «Ақтөбенің» ойыншысы Рейналдо «Карабах» клубымен екі жылдық келісімшартқа отырған еді.