Клубтар арасындағы әлем чемпионатының жартылай финалы аясында «Касима Антлерз» мен «Реал Мадрид» командалары кездесті, деп жазады prosports.kz.

Азия чемпиондар лигасының жеңімпазы жапониялық клуб пен Еуропа чемпиондар лигасын жеңген испаниялық команда финалдың екінші жолдамасын сарапқа салған.

Бұл кездесудің айқын фавориті «Реал Мадрид» екенін жанкүйерлер жақсы біледі. Әрі ойын нәтижесі де еуропалық команданың мықты екенін дәлелдеі. Осы маусымда ала-құла өнер көрсетіп жүрген Гарет Бэйл хет-трик орында командасын жеңіске жетеледі.

«Касима Антлерз» — «Реал Мадрид» 1:3 (0:1)

Гол cоққандар: 0:1 - 44' Бэйл, 0:2 - 53' Бэйл, 0:3 - 55' Бэйл, 1:3 - 78' Дои

Касима Антлерс: Сун Тае — Ниси, Хён Сын, Седзи, Ямамото — Нагаки, Силва — Эндо, Абе — Дои, Сержиньо

Реал: Куртуа — Карвахаль, Варан, Рамос, Марсело — Модрич, Льоренте, Кроос — Васкес, Бензема, Бэйл