Ертең Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында Бүкіләлемдік бокс сериясы аясындағы кезекті жекпер-жекші өтеді.

«Астана Арландары» «Russian Boxing Team» клубын өз алаңында қабылдайды.

Матч алдындағы салмақ өлшеу рәсімінде өзгертулер енгізілді. 56 келі салмақта шаршы алаңға Мейірболат Тоитовтың орнына Мади Шолақовтың шығатыны белгілі болды. Қарсыласы - Эдурад Абзалимов. 49 келіде Мардан Берікбаев ресейлік Белик Галановпен қолғап түйістіреді. 64 келі салмақ дәрежесінде жерлесіміз Асхат Уәлиханов ресейлік Максим Дадашевпен күш сынасса,  75 келідедегі үздік боксшылардың бірі Сергей Деревянчкенко Петр Хомуковтың қарымын байқамақшы. Ал 91 келі салмақта Василий Левит 2013 жылғы Еуропа чемпионы ресейлік Алексей Егоровпен жұдырықтасады.