Шымкентте қала әкімі кубогына арналған БАҚ арасында республикалық турнир өтті. Барлығы 13 команда сайысқа қатысып, Астанадан келген "Хабар" арнасының командасы чемпион атанды. Олар финалда 1:0 есебімен алматылық "Аламан" командасын жеңіп, бас жүлдеге тігілген 1 млн теңгені иеленді.

Үшінші орынға өткен кездесуде қызылордалық "Ақмешіт" командасы алматылық "Апортты" ұтты.

Үздік шабуылшы - Берік Уәли (Жамбыл облысы);

Үздік ойыншы - Олжас Култешов (Алматы облысы, «Спорт 59» командасы);

Үздік қорғаушы - Есенжол Елекенов (Орал қаласы);

Үздік қақпашы – Алмас Манап («Егемен Қазақстан» газеті).

Номинация иелеріне 25 мыңнан қаржылай жүлде берілді.