Түркияда жаттығу жиындарын өткізіп жатқан «Ақтөбе» футол клубы ресейлік «Луч-Энергия» командасымен күш сынасты.

Матчтағы есепті ақтөбеліктер ашты. Гол авторы - Александр Гейнрих. Дегенмен, ресейліктер ойын соңына дейін жігер тауып  Могилевскийдің арқасында бір голмен жауап берді.

«Актобе» ФК құрамы: Сидельников, Мулдаров, Логвиненко, Бадло, Тагыберген, Хайруллин, Гейнрих, Дяденко, Пиззелли, Айымбетов, Неко

Қазақстандық клубтың келесі матчы ақпанның 2-не жоспарланған. Жолдастық кездесу «Роторға» қарсы өтеді.

Жолдастық матч.

«Ақтөбе» - «Луч-Энергия» - 1:1 (1:0)

Голдар: Гейнрих, Могилевский