Бүгін Құрлықтық хоккей лигасының кезекті матчында астаналық «Барыс» Череповец қаласының «Северсталь» командасын қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Елордалықтар осының алдында Шанхай қаласында Қытайдың «Куньлунь Ред Стар» командасын 1:4 есебімен жеңіп қайтқан болатын.
Бүгінгі қарсыласы «Северсталь» командасы да биыл «Барыстан» бір мәрте "таяқ жеп" үлгерді. 27 қараша күні «Барыс» сырт алаңда «Северсталті» 3:5 есебімен жеңген.
Ал бүгінгі ойында да алаң иелері еш қиындықсыз жеңіске жетті.
38 ойыннан кейін «Барыс» 52 ұпай жинап, Шығыс конференциясында бесінші орында тұр.
«Барыс» – «Северсталь» – 3:0 (0:0, 1:0, 2:0)1:0 Михайлис (Даллмэн, Волк) 30:32
2:0 Кормье 57:14
3:0 Михайлис 59:14
Қақпашылар: Карлссон - Фурх
«Барыс Арена» (Астана). 5212 көрермен
Бас төреші: Иван Фатеев, Артур Кулев
Комментарии