Англиялық «Манчестер Юнайтед» командасы бас бапкер Жозе Моуриньоның қызметтен босатылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды prosports.kz.

Португалиялық маман атақты «қызыл сойқандарды» дұрыс жолға сала алмады. Өзіне берілген екі жылдан артық уақытта команданы бұрынғы биік деңгейіне жеткізу тапсырмасын орындай алған жоқ.

Биылғы маусымда Англия Премьер лигасында 17 турдан кейін 26 ұпай ғана жинап, 6-шы орында тұр.

Моуриньо МЮ командасының бапкері ретінде:

144 матч84 жеңіс32 тең ойын28 жеңілісЕропа лигасы. 2017 жылАнглия лига кубогы. 2017 жыл Англия Суперкубогы. 2016 жыл

Бір қарағанда тым нашар көрсеткіш емес, әрине. Тіпті жеңіске жету салыстырмасы 58.3%-ды құрайды. Алайда МЮ секілді аңыз команда үшін бұл нәтиже жеткіліксіз екені сөзсіз.