Ақтөбеде мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан біріншілігі басталады. Ел чемпионатына аймақтардан жалпы есебі 60-қа жуық спортшы қатысады деп күтілуде, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Ұлттық біріншілікке спорт шеберлігіне үміткерлер мен спорт шеберлері қатысады.

Қазақстан чемпионатында ұлттық құрама мүшелері - Айза Имамбек, Рахат Бралин және Алана Тоқтаровалар да бақ сынайды.

Еске сала кетейік, Алана Тоқтарова мен Рахат Бралин Загребтегі халықаралық турнирде қола медаль жеңіп алған болатын.