Шаңғы жарысынан швейцариялық Давостағы Әлем кубогы кезеңінде әйелдер арасында 10 шақырым еркін стильмен жарыс өтті.

Бұл жарыста норвегиялық Тереза Йохауг үздік атанды.

Қазақстан сапынан Валерия Тюленева ең үздік нәтижені көрсетті – 34-ші орын. Анна Шевченко — 46-шы, Эльмира Мутагарова — 60-шы.

Шаңғы жарысы. Әлем кубогы. Төртінші кезең. Давос (Швейцария). Жекелей жарыс. Әйелдер. 10 км. Еркін стиль 1. Тереза Йохауг (Норвегия) — 26:06.9 2. Ингвильд Эстберг (Норвегия) — +12.1 3. Криста Пармакоски (Финляндия) — +19.2 34. Валерия Тюленева (Қазақстан) — +2:03.5 46. Анна Шевченко (Қазақстан) — +2:43.8 60. Эльмира Мутагарова (Қазақстан) — +3:21.2.