Футболдан 21 жасқа дейінгі Қазақстанның Ұлттық құрамасы Достастық кубогының ширекфиналында Ресеймен кездесті.

Өкінішке қарай, жерлестеріміз 1:3 есебімен жеңілді. «Краснодар» ойыншысы Руслан Болов 9-шы минутта есепті ашты. Дегенмен 32-ші минутта қазақстандықтар таразы басын теңестірді. Гол авторы – «Шахтер» ойыншысы Роман Муртазаев.Екінші таймның 63-ші минутында ресейліктер қайтадан алға шықты, Ника Чхапелия көзге түскен. Ал 74-ші минутта Вадим Манзон Қазақстан қақпасына үшінші голды соғып матчтағы есепті қорытындылады.

Ресей құрамасы жартылай финалда Эстониямен кездеседі. Петерборда өтіп жатқан Достастық кубогы ақпанның 2-і күні өз мәресіне жетеді.