«Манчестер Юнайтедтің» жартылай қорғаушысы Поль Погба «Ювентуске» оралады, деп хабарлайды Prosports.kz

Corriere dello Sport порталының мәліметінше, франциялық футболшы Туринге оралатынын «Ювентус» ойыншыларына айтып қойған.

Трансфер қаңтар айында орын алуы мүмкін. Погбаның қазіргі клубынан кету себебі - бас бапкер Жозе Моуриньюмен келісе алмаушылығы.

Погба «Ювентус» сапында 2012 -2016 жылдары аралығында өнер көрсетті.