Алматылық «Қайраттың» бас бапкері Кака өз командасының футзалдан Чемпиондар лигасындағы мүмкіндігі жайында пікірімен бөлісіп, жарақат алған жетекші ойыншылардың қашан айығатынын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

- Чемпиондар лигасының Төрттік финалы Алматыда өтетіні жайлы ақпаратты қалай қабылдадыңыз?

- Өте жақсы. Трибуна толы болады деп үміттенемін, жанкүйерлеріміз мықты қолдау көрсететініне сенімдімін. Оның үстіне, жергілікті жағдайларға бейімделмейміз, бұл дайындықты жеңілдетеді.

- Төрттік финалын өз алаңында өткізу – үлкен көмек, бірақ бұл қосымша қысым ғой, сіз қалай ойлайсыз?

- Егер бұл жағдайды дұрыс қабылдасақ, тек қолдауды ғана байқаймыз. Жігіттер ешқандай қысымды сезінбеуі үшін команданы дұрыс дайындауымыз керек.

- Төрттік финалының қазіргі құрамы – әр түрлі деңгейдегі командалар ма?

- Шынымды айтсам, «Қайрат» - фавориттер тізіміне енбейтін жалғыз команда. Өз алаңымызда ойнағандықтан, фаворит атағына жақындай түсеміз шығар, бірақ ойын тұрғысынан қарар болсақ... бізде жаңа команда, жаңа штаб, бәрі жаңа.

- Қысқы трансферлік кезеңде ойыншылар аласыздар ма?

- Нарықты сараптаймыз, бізді күшейте алатын футболшыларды қараймыз. Бірақ ол ұжымға еніп кете алатын ойыншы болуы тиіс. Қажет екен деп ойыншыларды шақыра бермейміз. Қандай да бір футболшының келуімен команданың күшейгенін қалаймыз.

- Дуглас пен Тайнан – олардың жағдайы қандай? Жалпы топқа қашан оралады?

- Жағдайды асықтырғымыз келмейді, олар негізгі командамен жаттығуға толық дайын болуы тиіс. Өздерін жақсы сезінеді, Жаңа жылдан кейін жалпы топқа оралады деп ойлаймын.