Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов Канададағы кездесуі алдында салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті.

20 жасар боксшы Эдмонтонда жұдырықтасады. Оның қарсыласы мексикалық Мелендес Роча болмақ. Екі боксшы да бірінші орта салмақ лимитінен асқан жоқ.

Айта кетейік, бұл Ахмедов үшін кәсіпқой рингтегі алтыншы жекпе-жек болады.