Бендиден Қазақстан құрамасы Иркутскіде өтіп жатқан әлем біріншілігінде Финляндиядан басым түсті.

Қос ұжым топтағы 3-ші мен 4-ші орын үшін таласқан. Сондықтан бұл ойындағы жеңіс екі команда үшін де маңызды еді.

Тартысы өрбіген бірінші тайм тең аяқталды - 2:2. Екінші кезеңде шабуылды үдеткен Қазақстан құрамасы қарсыласты қателестірді. Матч аяқталғанша қатарынан 4 гол соққан жерлестеріміз айқын жеңіске жетті - 7:3.  Отандастарымыздың жартылай финалдық қарсыласы Швеция мен Ресей арасындағы ойыннан кейін белгілі болады.