Жақында алматылық «Қайрат» футзал клубына тағы бір бразилиялық ойыншы ауысты. «Рубиньо» деген лақап есімі бар футболшының шын аты Рубенс Роберто Сальвадор Кларо толықтырды.

- «Қайратқа» қалай ауыстыңыз?

- Какау шақырды, мені бразилия чемпионатында байқаған болар. Ұсыныс келген бетте, ойланбастан «иә» дедім. Еуропаның ең беделді командасына ауысқаныма қуаныштымын. 

- Футзалмен қанша жасыңыздан айналысасыз?

- Кәсіпқой ойыншы ретінде жиырма жасымда қалыптастым. Тоғыз жыл аралығында «Ульбра», «Жоинвилле» сияқты еліміздің ең мықты командаларында ойнап үлгердім, ал соңғы командам «Интелли» болды. Бразилияды ұйымдастырылатын бәсі жоғары жарыстарының жеңімпазы атандым, сондықтан өкінетін ештеңем жоқ. Енді «Қайрат» сапында Еуропада топ жарғым келеді. Әрине оңай болмасы анық, дегенмен біздің команда өте мықты – Алешандре, Данило Барон секілді ойыншыларымыз бар. Мұнда жақсы ойыншылар көп, сондықтан мен үшін мұнда ойнау үлкен абырой. 

- Мықты ойыншылар көп дейсіз, бәсекелестікке дайынсыз ба?

- «Интелли» сапында екі жыл қатарынан Бразилия чемпионы атанғанмын, ол кезде де ойңай болған жоқ. Біздің командамызда әлемнің ең үздік футзалшысы – Фалькао өнер көрсеткен, бәсекелестіктің «көкесі» етін. Дегенмен, «Қайраттың» да бәсі олардан кем емес. 

- Мысалы «Қайрат» Бразилия чемпионатында ойнаса, нешінші орында тұрар еді?

- Чемпиондыққа таласар еді.