Бүгін «Астана» футбол клубы Түркиядағы ОЖЖ-ны барысында алғашқы жолдастық кездесуін өткізеді.
 
Бірінші қарсыласы Польша Экстралигасында ойнайтын Вроцлавтың «Шленск» командасы болмақ.
 
«Шленск» - екі дүркін Польша чемпионы. Команданы 55 жастағы чех маманы Станислав Лева жаттықтырады. Команда сапында Польша құрамасының ойыншысы Пшемислав Казмерчак пен Словения құрамасының жартылай қорғаушысы Далибор Стеванович секілді мықты ойыншылар өнер көрсетеді.