Қызылордалық «Қайсар» футбол клубы алғашқы оқу-жаттығу жиынын 2019 жылдың 5 қаңтарында бастайды.

Команданың маусым алды алғашқы жаттығуы Анталияда (Түркия) өтпек. 21 күнге жалғасатын жаттығу жиынына команданы болгар маманы Стойчо Младенов бастап барады.