Бүгін Швейцарияның Ньон қаласында футзалдан әлем чемпионаты іріктеу турнирінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды prosports.kz.
Қазақстан құрамасы жарыс жолына іріктеудің негізгі кезеңінен бастап шығады.
Жеребе қорытындысы бойынша Қазақстан 5-ші топқа түсті. Қарсыластары: Румыния, бірінші іріктеу кезеңіндегі G тобының жеңімпазы және С тобында екінші орын алған команда.
Алғашқы іріктеу кезеңі:
А: Латвия, Англия, Кипр, Гибралтар.
В: Беларусь, Норвегия, Косово, Андорра.
С: Македония, Албания, Греция, Сан-Марино.
D: Грузия, Дания, Германия, Израиль.
Е: Бельгия, Швеция, Армения, Мальта.
F: Босния және Герцеговина, Түркия, Швейцария, Шотландия.
G: Голландия, Черногория, Болгария, Эстония.
Н: Финляндия, Молдова, Уэльс, Солтүстік Ирландия.
Комментарии