«Барыс» хоккей клубы Құрлықтық хоккей лигасы аясында «Югра» командасын қабылдады.
 
Роман Старченко матчтың бірінші минутында таблодағы есепті ашты. Бірінші таймның соныңда Никита Гусев тараз басын теңестірді. 
 
Ал екінші кезеңде Михаил Рахманов пен Николай Антропов елордалық клубты алға шығарды 3:1. Дегенмен, қонақтар сапында Булянский есепті қысқарта алды. Кейін, «Барыстың» сұрмергені Боченски есепті - 4:2-ге жеткізді. Кездесу аяқталуына бес минут қалғанда Булянский жалпы есепті қорытындылады - 4:3.
 
«Барыс» (Астана) – «Югра» (Ханты-Мансийск) 4:3(1:1, 3:1, 0:1)
 
1:0 – Старченко (Антропов, Руденко) – 00:49
 
1:1 – Гусев – 17:17
 
2:1 – Рахманов (Гаврилин) – 23:09
 
3:1 – Антропов (Старченко, Руденко) – 24:29
 
3:2 – Булянский (Яценко) – 32:37
 
4:2 – Боченски (Рахманов) – 34:03
 
4:3 – Булянский (Соколов) – 55:34
 
Қақпашылар: Ахонен – Кузнецов