Бүгін құрлықтық хоккей лигасында елордалық «Барыс» сырт алаңда Қытайдың «Куньлунь Ред Стар» командасымен кездесті, деп жазады prosports.kz.
Шанхай қаласында өткен матч қазақстандық клубтың сенімді жеңісімен аяқталды. Есеп 1:4.
Матчтың екінші кезеңі голға бай болды. Қарсыластар жалпы үш шайба соқса, соның екеуі «Барыс» командасының еншісіне жазылды.ҚХЛ. «Куньлунь Ред Стар» - «Барыс» - 1:4
0:1 - Фрэттин Мэттью.
1:1 - Вольский Войтек (Латта Майкл).
1:2 - Сагадеев Антон (Әсетов Әлихан).
1:3 - Михайлис Никита (Диц Даррен, Орехов Валерий).
1:4 - Сведберг Виктор.
Комментарии