15 желтоқсанда Атырауда ММА M-1 Challenge-ден халықаралық чемпионат өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

M-1 Challenge жеңімпазы атағына жарыс Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «Жайық» спорт кешенінде болады.

Кештің басты жарысы — M-1 Challenge чемпионы белдігі үшін күреске жартылай жеңіл салмақта Андрей «Iron» Лежнев (Украина), 18-7 Нейт «The Train» Ландвермен (АҚШ), 11-2 шығады.