Даңқты баскетболшы Шакил о Нил қазақ студенттерімен караокеде көңіл көтеріп жүр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Естеріңізге сала кетейік, жақында О'Нил Қазақстанға келіп кеткен болатын.

Сонымен қатар, баскетболшы өзінің инстаграм-парақшасында Қазақ еліне сәлем жолдады.

Шакил О’Нил - атақты америкалық баскетболшы, комментатор, рэпер және актер. «Орландо Мэджик», «Лос-Анджелес Лейкерс», «Майами Хит», «Финикс Санз», «Кливленд Кавальерс", сонымен қатар «Бостон Селтикс» сапында өнер көрсеткен. 1994 жылы әлем чемпионы, NBA төрт дүркін чемпионы атанған.