Қазақстандық боксшы Нұрсұлтан Жаңабаев (5-0, 4 КО) Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) аймақтық белбеуі үшін жұдырықтасады.

Бұл туралы Vesti.kz тілшісіне бапкері Сағатбек Мұсаханов хабарлады.

"23 желтоқсан Мәскеуде Нұрсұлтан Жаңабаев WBC Asia белбеуі үшін жұдырықтасады. Мені тағы үлкен жұмыс күтіп тұр", - дейді Мұсаханов.