«Бавария» ФК бұрынғы қақпашысы Оливер Кан бүгінгі футболда бәрін ақша шешетінін жеткізді.

Канның айтуынша, Чемпиондар лигасындағы жеңістің құны - 300 миллион еуро шамасында. «Челси» 2012 жылы «Альянц Аренада» жеңіске жету үшін осынша ақша төледі, дейді қақпашы.

Кан Goal.com. сайтына берген сұхбатында былай деді: «Бүгінгі футболда басты нәрсе – ақша. Мәселен, Бундеслигаға өту үшін команданың бюджеті 20–25 миллион еуродан кем болмауы керек. Чемпиондар лигасындағы жеңіс 300 миллион тұрады. Кезінде «Челси» де сатып алған атақты. Бұл ақшаны төлеуге «Манчестер Сити», «Реал»,  «Барселона», тіпті «Баварияның» да шамасы жетеді»