«Достастық Кубогында» өнер көрсетіп жатқан Қазақстан құрамасы топтағы соңғы ойынын Латвияға қарсы өткізді.

Плей-офф кезеңіне шығу үшін жерлестерімізге 1 ұпай жеткілікті еді. Саулюс Ширмялис жаттықтыратын жастар құрамасы алғашқы минуттардан қарсылас қақпасына төніп есепті ашпақ болған. Алайда сауатты қорғана білген латвиялықтар қақпасын аман сақтады. Ақыры, матч тең есеппен аяқталды. Негізгі және қосымша уақытта гол кірмеді – 0:0. «Жығылып», «сүрініп», әупірімдеп жүріп плей-офф кезеңіне жолдама алған Қазақстан құрамасының келесі қарсыласы бүгін анықталады.