«Барселонаның» капитаны Лионель Месси 15 миллион АҚШ доллары тұратын ұшақты сатып алды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Аргентиналық футболшы Gulfstream Aerospace компаниясының екі моторлы реактивті Gulfstream V бизнес деңгейдегі ұшақтың иесі болды. Әуе кемесі 16 жолаушыға арналған. Ішінде 8 кереуетке айналатын 16 орын, екі ас бөлмесі, екі дәретханасы мен жуыну бөлмесі бар.

Ұшақтың сыртында 10 нөмірі жазылған және баспалдақтарында Мессидің отбасы мүшелерінің есімдері жазылған.