Қазақстан жастар құрамасы Канададағы әлем чемпионатына дайындық аясында студенттік командалармен жолдастық матчтар өткізеді.
Барлық ойын да Астана уақытымен 9:00-де басталады.
12 желтоқсан. Қазақстан - University of Victoria «Vikes»
14 желтоқсан. Қазақстан - Trinity Western University «Spartans»
18 желтоқсан. Қазақстан - All Star Freshmen BCIHL
20 желтоқсан. Қазақстан – «Alberni Bulldogs»
Айта кетейік, жастар арасындағы әлем чемпионатының элиталық дивизионы 2018 жылдың 26 желтоқсаны мен 2019 жылдың 6 қаңтары арасында Канаданың Ванкувер мен Виктория қалаларында өтеді. Қазақстан құрамасы «В» тобында Финляндия, Словакия, Швеция және АҚШ-пен кездеседі.
Комментарии