«Қайрат» пен «Ақтөбе» футзалшылары арасындағы екінші матчта алматылық клуб тағы да жеңіске жетті.

Алматылық команда матч басында екі гол соққан, үзілістен кейін «Қайрат» жауапсыз тағы үш гол тоғытты. «Ақтөбе» болса, бір ғана доппен жауап қайтара алды. Қорытынды есеп – 5:1.

Қазақстан чемпионаты 2018/19

«Қайрат» 5:1 «Ақтөбе»

Голдар: Джон 4 , Тайеби 8, Тұрсағұлов 30, Ранжел 39, Жаманқұлов 40 - Эрик 40

9 желтоқсан, Алматы, «Қайрат» СК