Орта салмақта WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы америкалық Деметриус Андраденің рингке қашан оралатындығы белгілі болды.

Айта кеткен жөн, орта салмақ дәрежесінде Геннадий Головкин өнер көрсетеді. Андраде қазақстандық боксшымен жекпе-жекке шыққысы келетіндігін бірнеше рет дөрекі түрде мәлім еткен болатын.

«Эдди Хирн 18 қаңтарда Нью-Йоркте өтетін төрт титулдық жекпе-жек жайлы алдағы аптада құлақтандыратындығын мәлімдеді. Бокс кешінде Деметриус Андраденің өз титулын алғаш рет қорғайтын болады», - деп жазды TalkSport.com журналисі Майкл Бенсон өзінің твиттерінде.

Еске сала кетсек, өткен бейсенбіде Деметриус Андрадені полиция Провиденс қаласында заңсыз қару алып жүргені үшін тұтқынға алған болатын.